10:24, 18 Маусым 2009
Астанада Парламент Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның отырысы өтуде
АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның кезекті отырысы өтуде,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Үкіметтің, Парламент Мәжілісінің және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың қатысуымен өтіп жатқан кеңесте «Тұтынушылар құқықтарын қорғау туралы» заң жобасы талқылануда. Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджановтың айтуынша, соңғы кезде палата жұмысының жоғары белсенділігі байқалуда. Қоғамдық палата 6 мәжіліс өткізіп, 25 заң жобасын талқылады. «Жалпы ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары 133 заң жобасын қарап, оның 129-ы Сенат қабырғасында мақұлданды. 95 заңға Елбасы қол қойды», - деді О. Мұхамеджанов.