Астанада Перизат Қайраттың соты басталды

Фото: Perizat Kairat/ 01pk/ instagram

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты сот отырысы өтті. 

— Бүгін алдын ала сот отырысы өтті, өтінішхаттар қаралып жатыр. Сот отырысты ашық немесе жабық форматта өткізу мәселесі бойынша кеңесу бөлмесіне кетті, — деген хабар алдық Астана қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ соттың баспасөз қызметі отырыс аяқталғаннан кейін қосымша ақпарат берілетінін мәлімдеді.

Айта кетсек, биыл 30 маусымда Перизат Қайраттың ісі сотқа жіберілді

Еске салайық, еріктілер қозғалысының белсендісі және қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны 2024 жылы14 қарашада белгілі болды

Сондай-ақ Жоғарғы сот Перизат Қайраттың сотын тікелей эфирден көрсету мәселесін қарастыруға дайын екенін хабарлады