Бұл туралы astana.kz сайтына Астана қаласы Әділет басқармасының зияткерлік меншік құқығы жөніндегі бөлімінен мәлім етті.
«Контрафакт» шұғыл алдын алу іс-шарасы кезінде контрафакт өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан Қазақстан Республикасының 10 азаматы ұсталды. Олардан 306 000 теңгенің 1 мыңнан аса қарақшылық дискілері алынды.
Ұсталғандар заңсыз өнімдерді «Артем», «Шанхай» базарлары мен «Встреча» және «Гүлжан» сауда үйлерінде сатқан.