10 қазанда шамамен сағат 20.00-де белгісіз біреулер Жирентаев көшесіндегі үй ауласында тұрған «Фольксваген гольф» көлігін айдап әкетті. Тәртіп сақшылары темір тұлпарды сол күні тапты. Күдікті 40 жаста, бұрын сотталған. Көлік иесіне қайтарылды.
Осы күні шамамен сағат 23.00-де полицияға тағы бір азаматша келіп арызданды. Ол шамамен сағат 22.50-де «Лексус RX-300» маркілі автомобилін Промышленный кентіндегі үй ауласына қойған. Бірнеше минуттан кейін терезеге қарап, иномаркасының жоғалғанын байқаған. Ол бірден «102» номеріне хабарласқан.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде темір тұлпар табылды. Ұрланған көліктің рөлінде еш жерде жұмыс істемейтін Ақмола облысының 31 жастағы тұрғыны отырған. Көлік иесіне қайтарылды. ҚР ҚК 200 бабы 1 бөлімі бойынша сот алдындағы тергеу жүргізіліп жатыр. Полицейлер күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.