Министрліктер үйіне қарама-қарсы орналасқан дәмханаға қалдырылған сөмке күдік туғызғандықтан оқиға орнына тәртіп сақшылары шақырылды.
«Иесіз зат табылған аумақ қоршауға алынды. Қауіпсіздік шарасы ешкімге ыңғайсыздық тудырған жоқ», - дейді Астана ІІД баспасөз қызметі.
Полицейлер жүргізген мұқият тексеріс барысында, ешқандай қауіп тудыратын зат табылған жоқ. Сөмкені дәмханаға келушілердің бірі ұмытып кеткен.