Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Департамент бастығының мәліметтеріне қарағанда, қолында ұйымдасқан қылмыспен күрес қызметкерінің куәлігі бар 25 жасар азамат қалада жезөкшелікпен айналысып жүрген қыздарды қылмыстық іс қозғаймын деп қорқытып, олардың қымбат заттары мен ақшаларын тартып алып жүрген.
Департамент бастығының айтуынша, жалған полицейдің әрекеттері жөніндегі ақпарат құқық қорғау органдарына тұрғындардан және жәбірленушілерден келіп түскен.