Сотта анықталғандай, биылғы 15 шілдеде сотталушы полиция қызметкерінің тергеуді жалғастыру үшін аудандық бөлімге бару туралы заңды талабына бағынбаған. Ол тәртіп сақшысын күш қолданамын деп ауызша қорқытып, жұмысына кедергі келтірген.
Бұл жағдай сол күні тағы қайталанып, К. басқа полиция қызметкері О.-ны да күш қолданамын деп қорқытқан.
- Сотталушының кінәсі мойындау айғақтарымен, жәбірленушілердің көрсетулерімен, заттай дәлелдемелермен және қылмыстық іс материалдарымен толық дәлелденді, - делінген ақпаратта.
Прокурор сотталушыға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын сұрады.
К. кінәсін мойындап, айыппұл түріндегі жаза тағайындауды өтінді.
ҚК 380-бабы 1-бөлігінің санкциясы 2 000 АЕК-ке дейін айыппұл салуды, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тартуды, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Сот жеңілдететін мән-жайлар ретінде сотталушының кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін және бұрын сотталмағанын ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
Осыны ескере отырып, сот К.-ға 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Үкім заңды күшіне енді.
Айта кетейік, Шымкентте мемлекеттік қызметшіден 10 млн теңге бопсалады деген күдікпен блогер ұсталды.