Астанада пойыз құрастырушы вагон доңғалағының астына түсіп қалды

АСТАНА.  Қазанның  16-сы.  ҚазАқпарат - Елордалық «Сарыарқа» ауданында  теміржолда  төтенше оқиға орын алды.  Пойыз құрастырушы   вагон доңғалағының астына түсіп қалды,

деп    хабарлады Төтенше жағдайлар  министрлігінен. 

Ведомствоның ақпараты  бойынша,  оқиға  қазанның 15-і күні  таңертең  теміржол  құрамын   құрастыру  кезінде  орын  алған.    25 жастағы     азамат    жарақатпен  ауруханаға     жеткізілді.