Бүгін алғашқы матч Қазақстан құрамасы мен Құрлықтық хоккей лигасында өнер кқрсететін «СКА» хоккей клубы арасында өтті. Бұл кездесуде Қазақстан құрамасы 3:0 есебімен жеңіліп қалды.
Алғашқы екі гол бірінші айналымда соғылды. Бірінші шайба клубтың жаңа ойыншысы Антон Бурдисовтың еншісінде болса, екіншісін 18-минутта орталық шабуылшы Тони Мартинссон салды. Қазақстандықтардың қақпашысын үшінші рет Максим Чудинов қапыда қалдырды.
Енді келесі ойынды бүгін кешкі сағат 19.00-де «Барыс» пен оның бірінші қарсыласы - ресейлік «ЮГРА» өткізеді.
Айта кетейік, турнирге бес команда қатысуда. Олар елорданың «Барысы», Ресейдің «Югра» мен «СКА» хоккей клубтары, Өскеменнің «Қазцинк-Торпедо» командасы және Қазақстан ұлттық құрамасы.
Бақталастар 4 күн бойы айналмалы жүйе бойынша өзара мықтыны анықтайды. Президент Кубогі сарапқа салынатын сайысты - «Нұр Отан» халықтық демокртаиялық партиясы мен Қазақстанның шайбалы хоккей федерациясы ұйымдастырып отыр. Кубоктің былтырғы жеңімпазы - «Барыс» хоккей клубы.