«Дамушы елдерді ауқымды жұмыссыздық алаңдатуда. Ғылыми-техникалық прогресс пен технологияның дамуға байланысты адамдардың көпшілігі қысқартуға ұшырады (...) Мұның бәрін Қазақстан ескеріп, ойға түйіп, алдын ала шаралар қолдануы тиіс. Яғни, ортақ шешім мынау: Қазақстанды индустрияландыру, мұндай қиын кезеңдегі біздің мемлекеттік инвестицияларға қатысты бағдарламаларымыз өте дұрыс. Жұмыссыздықтың төмен деңгейін сақтап тұру, жаңа жұмыс орындарын ашу және дағдарыспен күрестен экономикалық өсуге бет алу керек. Дәл осы мәселені 9 қыркүйекте Үкіметтің кеңейтілген отырысында талқылаймыз», - деді журналистерге ҚХР-дың Ханчжоу қаласында өткен брифингіде.
Еске салсақ, кеше ҚР Үкіметінде кадрлық өзгерістер болды. Министрлер кабинетін басқарған Кәрім Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің міндеттерін уақытша атқару Бақытжан Сағынтаевқа жүктелді. Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР ҰҚК-нің бұрынғы басшысы Владимир Жұмақанов Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.