«Жоғарыда аталған өтініштің негізінде Астана қаласының прокуратурасы «Феникс - Столичный»ТҚК мүддесі үшін шағым түсірді», - деп хабарланды елорда әкімдігінен.
Азаматтық істі қарау нәтижесі бойынша, 2017 жылдың 2 наурызында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Астана қаласы прокуратурасының «Феникс - Столичный» мүддесі үшін жауапкерлер «Төленді» ТҚК және «Астана Сити Билд» ЖШС-інен 818 млн теңге көлемінде қаржы өндіріп алу және құрылысы аяқталмаған «Столичный-2» ТК жер телімдерімен бірге беру туралы арыз талаптарын қанағаттандыру туралы шешім шығарды.
Сот шешімі кезек күттірмей орындауға жолданды.
Аталған процедура үлескерлердің бұзылған құқықтарын қорғайды және азаматтарға тұрғын үйдің құрылысын өз бетімен аяқтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта ТҚК аталған нысанды әділет органдарында тіркеу процедурасын бастады.
Еске салсақ, сот үкімімен «Төленді» ТҚК төрағасы А.С. Байжұманов бір пәтерді бірнеше адамға сатқаны үшін 5 жылға шартты түрде сотталды.
Қазіргі уақытта ҚР ІІМ Тергеу департаменті 1 мыңнан аса үлескердің өтінішімен алдау және біреудің сенімін теріс мақсатта пайдалану фактісі бойынша А.С. Байжұмановқа қатысты Қылмыстық кодекстің 195-бабы 4 бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.
Елорда аумағында «Төленді» ТҚК-нің құрылысы аяқталмаған 9 нысаны орналасқан, олар: «Столичный 2» ТК, «Көктал 1, 2» ТК, «Абат» ТК, «150 лет Абая» ТК, «Аниса 1, 2, 3» ТК.
Аталған нысандардағы үлескерлердің басым бөлігінің шешімімен құрылысты өз бетімен аяқтау үшін оларды жаңадан құрылған тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне беру бойынша Астана қаласының прокуратурасына арыздар енгізу жұмыстары жүргізілуде.