Баспасөз мәслихатында БАҚ мен мүдделі ұйымдар үшін діни наным еркіндігі саласында азаматтар құқығын бұзу мониторингіне қатысты кезекті бюллетеньнің тұсаукесері болады.
Қауымдастық құрамына Карағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Атырау және т.б. облыстардың теріс пиғылды діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету орталықтары кіреді.
Қауымдастықтың мақсаты теріс пиғылды діни тоталитарлық ағымдардың діни ілімдері туралы анық мәлімет тарату, олардың кері әсерінен зиян шеккендерге көмек көрсету болып табылады.
Семинардың мақсаты:
- теріс пиғылды діни ағымдар (діни, психотерапиялық, педагогикалық, саяси, коммерциялық және т.б.), аваторлық тұлғалар, жарнама, бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ), басқа да ұйымдар мен тұлғалар жағынан жасырынды әлеуметтік-психологиялық пайдалану мен алдап-арбаудан қорғау және алдын алу әдістері туралы ақпараттандыру;
- конструктивті және теріс пиғылды әлеуметтік әсерді жіктеу туралы ақпарат беру, жасырынды әлеуметтік-психологиялық зорлық пен жасырынды әлеуметтік-психологиялық пайдаланудың белгілері мен өлшемдерін және олардың келтірген зиянын анықтау;
- психикамен әсер ету арқылы алдауға түскен құрбандарға көмек көрсету жөнінде кеңес беру және оңалу жолдары туралы ақпарат беру және оны іс жүзінде қолдану.
Семинарға қатысушылар: психологтар, психотерапевттер, психиатрлар, әлеуметтанушылар, заңгерлер, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жастармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік органдар мен ұйымдар мамандары.
Семинардың модераторы - философия ғылымының кондидаты, Н. И. Лобачевский атындағы Нижнегородской мемлекеттік университетінің (НМУ) жалпы әлеуметтану және әлеуметтік ғылым факультеті әлеуметтік жұмыс кафедрасының доценті Е.Н. Волков. Ол Сектанттық жөнінде зерттеу және ақпараттандыру бойынша орталықтардың Еуропалық федерациясы (FECRIS) мен Халықаралық табынушылықты зерттеу жөніндегі қауымдастық (International Cultic Studies Association - ICSA) мүшесі. 2000 жылы АҚШ-та (Калифорния университеті, Санта-Круз қаласы және Жаңа Ағылшын дінтану институты, Массачусетс штаты) және 2002 жылы Ұлыбританияда психологиялық зорлық әсері мен проблемаларының әлеуметтік психологиясы жөнінде сынақ мерзімінен өткен.
Қауымдастық сайты: www.antisekta.kz , e-mail: antisekta.center@gmail.com .
Байланыс телефоны: 8 705 911 85 84.