Жыл сайын шараға 2,5 мың адам қатысады. Олардың қатарында кәсіби спортшылар да әуесқойлар да бар. Олар Қабанбай батыр-Қорғалжын тасжолы -Тұран даңғылы бағыттары бойынша жүріп өтіп, «Астана-Арена» стадионында мәреге жетті. Вело спортшылар 10,5 шақырым қашықтықты бағындырды.
-Алғашқы жарыс ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін қолдау мақсатында вело маусымның ашылуына орай, 20 мамыр күні өтті. Осыдан соң көпшіліктің сұрауы бойынша қалалық әкімдіктің, дене шынықтыру және спорт басқармасының, Астана қаласының бұқаралық спорт іс-шараларын өткізу дирекциясының бастамасымен мемлекеттік рәміздер күніне арналып веложарыс тағы да өткізілді, - дейді ұйымдастырушылар.
22:09, 03 Маусым 2017
Астанада рәміздер күніне арналған веложарыс өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған веложарыс өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.