Астанада ресейлік профессор эпилепсияны хирургиялық әдіспен емдеу тәжірибесімен бөлісуде

None
АСТАНА. 23 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Бүгін Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында ресейлік профессор эпилепсияның фармакорезистенттік түрін хирургиялық әдіспен емдеу бойынша шеберлік сабақ өткізуде.

Бұл туралы «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

Қазақстандық дәрігерлермен өз тәжірибесін бөлісу үшін медицина ғылымдарының докторы, А.Л.Поленов атындағы Ресей Ғылыми-зерттеу нейрохирургиялық институтының процессоры В.А.Хачатрян шақырылды.

Эпилепсия - бас миының созылмалы сырқаты. Сырқатпен әлемде 50 млн.-ға жуық науқас ауырады. Жаңадан тіркелген науқастардың саны 100 мың адамға шаққанда 50-70 жағдайды құрайды. Жылына 1000 науқасқа шаққанда 1-5 адам көз жұмады.

Сырқатты әдетте дәрілік препараттардың көмегімен неврологтар емдейді. Бірақ нейрохиругиялық операция емдеудің жалғыз тиімді әдісі болып табылатын науқастар да бар.

Бұл әдістің негізгі мақсаты - сырқатқа жауап беретін бас миының бөлігін табу. Эпилепсияның ошағын табу үшін науқасқа алдын ала бірқатар зерттеулер жүргізіледі. Шеберлік сабақ барысында осындай операцияны эпилепсиялық синдромы бар үш науқасқа жасау жоспарланып отыр.