Астанада Республика даңғылы жартылай жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазанның 10-ы мен 31-і аралығында қосымша жол салу жұмыстарына байланысты Республика даңғылының Ағыбай батыр көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі бөлігінде (Диона дүкенінің алдында, Ағыбай батыр көшесінен А.Иманов көшесіне дейін) көлік қозғалысы жартылай шектеледі.

Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Жүргізушілерден жол бағдарларын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.