«Республика күні – егемендігімізді ғана емес, бұл Қазақстанның жалпы әл-ауқатына қосқан адамдардың үлесіне ерекше құрметпен қарайтын күн. Осымен екінші жыл қатарынан еліміздің түкпір-түкпірінде мемлекеттік әнұран шырқалып, патриоттық шығармалар халыққа жол тартуда. Сол сияқты үйлердің қасбеттері мен терезелерінде мемлекеттік ту желбіреп, жаппай флешмобтар ұйымдастырылып жатыр», - деді Астана қаласы ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрдаулет Әлмұханов қалалық коммуникациялар орталығында өткен брифингіде.
Биыл Республика күні мерекесіне орай елордада 200-ден астам іс-шара өтеді. Оның ішінде мәдени-бұқаралық, спорттық және әлеуметтік, мерекелік концерттер, автошерулер, көрмелер, балаларға арналған көрікті жерлерге экскурсиялар.
Сонымен қатар, дөңгелек үстелдер, ұлттық спорт түрлерінен турнирлер өткізу және басқа да көптеген іс-шара жоспарланып отыр.
Астанада 25 қазан Республика күніне орай өтетін мәдени және спорттық іс-шаралар тізімі:
22 қазанда конкурдан Қазақстан Республикасының чемпионаты;
23 қазан мен 6 қараша аралығында жастар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан Азия чемпионаты өтеді;
23 қазан Астанадағы М.Горький атындағы орыс драма театры күрделі жөндеуден кейін жаңартылған тарихи ғимаратта 123-ші театр маусымын ашылады;
26-28 қазанда М.Горький атындағы орыс драма театры театр форумын өткізеді;
24 қазан «Наз» мемлекеттік би театрының «Республикам Қазақстан» атты мерекелік концерті өтеді;
24 қазан сағат 18:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармонияда шығармашылық ұжымдардың қатысуымен мерекелік концерт өтеді;
24 қазан күні Барыс Аренада сағат 20.00-де қазақ елінің атын әлемге танытып жүрген, бірдей үш әуеннің басын қосып, күйдің құдіретін әлемге сезіндірген «Ұлытау» тобының 25 жылдығына орай концерт өтеді;
25 қазан сағат 17.00-де Бейбітшілік және келісім сарайында «Отан қымбат» атты концерт-спектаклі өтеді. Билеттер тикетон сайтында.