Елорда әкімдігінің мәліметінше, осыған байланысты, 9-11 мамыр аралығында аталған қиылыста қозғалыс ішінара жабылатын болады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.
Айта кетелік Астанада Алаш тасжолының учаскесі уақытша жабылады.