Шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналды.
«Шара мақсаты отбасылық қарым-қатынас пен рухани адамгершілік дәстүрлерді қалыптастыру мен сақтаудағы әкенің рөлін жоғарылату», деп атап өтті Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.
№3 балаларға арналған музыкалық мектепте, №2 өнер мектебінде және Астана қаласы техникалық шығармашылық орталығында «Менің дарынды әкем» байқауы, «Мен және менің әкем» видеороликтер байқауы, «Арманымдағы үй» макеттер байқауы өтті.
9 сәуірде мектепішілік әкелер слеті 68 мектепте өтті. Оған 5000 бала мен әке қатысты.
29 сәуірде №78 мектебінде «Аталар мұрасы - халық қазынасы» қалалық әкелер слетінің аудандық кезеңі өтті. Оған «Есіл» ауданындағы 150-ден астам әке қатысты.
30 сәуірде №15 мектепте «Сарыарқа» ауданындағы әкелер жиыны өтті. Сондай-ақ, №16 мектепте «Алматы» ауданындағы слетке қатысқан әкелер балаларын жалғыз асырап отырған әкелерді қолдау бойынша қайырымдылық шарасын бастайды.
14 мамырда №59 мектеп-лицейінде әкелердің қалалық слеті өтеді.