Астанада Республикалық Аналар кеңесінің отырысы өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан xалқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің отырысы өтті.

Айта кетейік, аталмыш кеңес Қазақстанда үш жыл бұрын құрылған. Қазіргі уақытта олардың филиалдары облыстарда, аудандарда құрылған.

"Аналар кеңесі - елеулі оқиға. Бұл аналар үшін, соның ішінде мен үшін де мереке. Жастармен жұмыс жасағанда мен оларға Ана, Отан деген қастерлі атты кірлетпеуді еске салып отырамын. Бүгінгі жиын Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына арналып отыр", - дейді Аналар кеңесінің мүшесі, Орал қаласының ардагер-мұғалімдер кеңесінің басшысы Софья Иманғалиева.

Сонымен қатар ол Қазақстан xалқының бейбітшілікте өмір сүруіне үлкен үлес қосып отырған ҚР Президентінің еңбегін атап өтті.

"Президентіміз біздің жастардың отансүйгіш азамат болып қалыптасуына үздіксіз жағдай жасап келеді. Барша мемлекеттер біздің республиканы Президенттің арқасында танып отыр. Мен шетелде жиі боламын. Ол жақта біздің ассамблеяның жұмысына қызығатындар көп. Бұл теңдесі жоқ институт, әлемде оған ұқсас бірде-бір ұйым жоқ. Ассамблея - біздің xалқымыздың ұйытқысы", - дейді ол.