Астанада республикалық айтыстың жеңімпаздары анықталды

АСТАНА. Қазанның 23-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада өткен жас ақындардың республикалық айтысының ақтық сындары өтіп, жеңімпаздар анықталды.

Қызықты да тартысты өткен жыр додасының нәтижесінде бас жүлдені Ақтөбе қаласынан келген Төреғали Әлихан иеленіп, айтыстың 300 мың теңге көлеміндегі жүлдесін қанжығасына байлады. I орынға Қайнар Алакөзов (Алматы) ие болса, II орын - Мейіржан Әлібек (Астана) пен Айбек Ережеп (Алматы), ал III орын Аспанбек Шұғатай (Павлодар) және Біржан Байтуовқа (Алматы) бұйырды. Оларға 100-200 мың теңге көлеміндегі сыйақы тапсырылды.