деп хабарлады елордалық Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан.
Дәстүрлі бәсекелерге 14 команда қатысуда. Турнирдің алғашқы күні жас спортшылар әуежай маңындағы айналма тас жолда 15 шақырымдық жеке жарысқа қатысты. Онда 21 мин. 52 сек. нәтижесімен Иоган Штейн топ жарды. Жеңімпазға 2 секунд есе жіберген Дмитрий Лесечко екінші орынға табан тіреді. Қос спортшы Астана командасының өкілдері. Үздік үштіктің қатарына оңтүстікқазақстандық Артем Мельников енді.
Елорданың ресми сайтының жазуынша, жалпыкомандалық есепте әзірге, Астана-2 командасы көш бастап тұр, Жамбыл облысы екінші, Оңтүстік Қазақстан облысы үшінші орында.
Жарыс 4 күнге жалғасады. Алдағы уақытта екі топтық және командалық додалар, критериум жарысы өтеді.