Көрменің негізгі мақсаты - қазақтың дәстүрлі қолөнерін дәріптеп, шеберлер мен қолөнершілердің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуына жол ашу.
Көрмеге келушілер қолөнершілердің жүн, киіз, былғары, ағаш, тастар мен күмістен жасалған ерекше әшекей бұйымдармен, ыдыс-аяқтарды және басқа да заттарды тамашалай алады. Сонымен қатар шараның ашылу салтанатында сән әлемінде жоғары бағалатын «Асыл Дизайн», «Тәрбия», «Мария Ханым», «Нұрасем» және «Aigul Line» сән үйлері дизайнерлерінің өнімдері көрсетілді.
Ал, келушілерге ұсыналатын ерекше сыйдың бірі - опера әншісі Майра Мұхамедқызының кішкентай қыздарға арналған «MairaAida» брендінің таныстырылуы болды.
Іс-шараның ұйымдастырушылары - Қазақстандағы БҰҰ Даму Бағдарламасы, EXPO&WOMEN xалықаралық ұйымы және G-GLOBAL xалықаралық xатшылығы болып табылады.