Астана қаласында Ресей аумағында бірқатар ауыр қылмыстар - адам ұрлау, зорлау, жыныстық сипаттағы бұзықтық әрекеттер және қарақшылық жасағаны үшін іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 28 жастағы азаматын ұстады.
Бұл туралы ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Ұсталған азамат Астана қалалық ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Оны экстрадициялау мәселесі шешілу үстінде.