Ер адам жылжымайтын мүлік агенттігінің қызметкері ретінде жұмыс істеп жүріп жалдамалы пәтерлерді берумен айналысқан. Зардап шегушілерден үш ай бұрын төлем жасауларын сұраған. Осылайша, өзінің қылмыстың әрекетімен бірнеше зардап шегушіге 3 млн теңгеден астам материалдық залал келтірген.
Соттың үкімімен айыпталушының бас бостандығы 2 жылға шектелді (ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі).
Сот үкімі заңды күшіне енді.