Бейбітшілік және Келісім сарайында өтетін конференция барысында қатысушылар жаһанды жаңарту жолдарының бірі - рухани мәдениет тақырыбы айналасында пікір алмасатын болады.
Конференция шеңберінде сондай-ақ, «Рухани келісім туралы сөз» тақырыбындағы мерекелік кешті, Голливуд актері, режиссер Арманд Ассантенің «Қазақстан. Бүкіләлемдік Рухани Мәдениет Форумы» атты деректі фильмінің тұсаукесерін, Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумына арналған кітаптардың таныстырылымын өткізу жоспарланған.
Онымен бірге, Кеңес Одағы мен бірқатар елдердің халық және еңбек сіңірген әртісі, белгілі баритон Иосиф Кобзонның концерті күтілуде.
Еске салайық, өткен жылдың қазан айында Қазақстанның бас қаласы - Астанада әлемдік ауқымда тұңғыш рет Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы өтті. Форумға дүние жүзінің 71 мемлекетінен әлемге аты әйгілі ғалымдар мен саясат және қоғам қайраткерлері, мәдениет пен рухани ілім ұстаздары қатысты.