Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, жүргізушілерге 509 040 теңге көлемінде айыппұл салынды.
«Қысқы кезеңде қала аумағын жинау ерекшеліктері» абаттандыру Ережелеріне сәйкес (Астана қ. мәслихатының шешімімен бекітілген, 5 бөлім, 60 т.), көшедегі және жолдағы қарды арнайы дайындалған алаңдарға шығару қажет. Қарды (қоқыссыз) келесі мекенжайлар бойынша шығаруға рұқсат етілген: «Алматы» ауданы - Железнодорожный т.а., әскери бөлімшенің сыртында. «Сарыарқа» ауданы - Н. Тілендиев даңғ., «Тайм» ЖҚС ауданы. «Есіл» ауданы - Рождественка тас жолы, «Рубеж» бекетінің сыртында, оң жақта, сондай-ақ, су тазартқыш құрылыстарының ауданында 27-ші көшеде балқыту станциясы бар.