Ондағы мәліметтерге қарағанда, екі күнде полигонға 647 тонна құрылыс қалдықтары шығарылды. Ауданның экологиялық ахуалын жақсарту үшін және аумақты жинауға құрылыс компаниялары мен мердігер ұйымдар ұсынған 33 самосвал мен 7 жүк тасымалдаушы тартылды.
Жұмыстар үш учаскеде жүргізілді: Нұра Есіл каналы, Қорғалжын тас жолы, Қ. Мұхамедханов көшесінің бас жағы. Есіл ауданы әкімінің аппаратымен бірге Есіл аудандық АІБ ЖПҚ ТҚБ инспекторларымен бірлесіп құрылыс объектілеріне комиссиялық тексеру жүргізілді.
Аралау барысында құрылыс объектілерінде абаттандыру ережесін бұзу фактілері де анықталды. Осыған байланысты заң бұзушыларға егер анықталған кемшіліктерді жоймайтын болса, әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны туралы 2 ескерту жасалды.