Биыл София, Амира, Кәусар, Елдана сынды қыз балалардың есімдері ерекше танымалдылыққа ие болған. Ал ұлдарға көбіне Әлихан, Айсұлтан, Алан, Арлан есімдері қойылған. Сондай-ақ балаларға елдегі маңызды оқиғалардың құрметіне орай ат қою дәстүрі де ұмытылмаған.
«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізу кезінде «Есіл» ауданының АЖАТ қызметінде Бәйдiбэкспо есімді ұл бала тіркелген.