Сот Астана қаласы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының төрағасы Әділxан Шайxисламовтің төрағалығымен өтуде.
Прокурор Әлібек Айтжановтың сөзінше, қылмыстық сxема бойынша, Сақташ Хасенов пен комитеттің бұрынғы қызметкері Елена Решетко құс етін Ураинадан Қазақстанға еш кедергісіз өткізу үшін кәсіпкер Радзинскийден 2015 жылдың шілде айынан 2016 жылдың қараша айына дейін жалпы сомасы 37 миллион теңгеге жуық пара алған. Елена Решетко пара алу барысында делдал қызметін атқарған. Хасенов өзінің қылмыстық ісі үшін Қазақстанға жеткізілген құс етінің әр килограммынан 5 теңге иеленіп отырғандығы анықталып отыр.
Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті бұрынғы төрағасына қатысты қылмыстық іс қоғамдық резонанс тудырған болатын. Бұл құс етін Қазақстан аумағына кедергісіз жеткізу және тасымалдауға рұқсат беру бойынша қылмыстық сызба ұйымдастыру фактісі жайында болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы бірнеше рет пара алған ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Сақташ Хасеновті ұстаған. Комитет төрағасы бұрын министрлікте жұмыс істеген өзінің сенімді адамы Елена Решеткомен алдын ала сөз байласып, Қазақстан аумағына ет өнімдерін әкелуге рұқсат беру бойынша қылмыстық схема ұйымдастырғаны анықталды. С. Хасенов белгіленген баға бойынша жүйелі түрде пара алып отырған.