Есіл ауданындағы Е-871 көшесінде салынып жатқан төрт қабатты ғимараттың шатыры өртенді.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып, қою қара түтін шыққаны байқалды.
Өрт сөндіру оқпандары дереу іске қосылып, өртті толық сөндіру үшін барлық қажетті шара қабылданып жатыр.
Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Айта кетелік Катонқарағай ұлттық паркінде шыққан өртті ауыздықтауға тікұшақтар тартылған еді.