Елордада салынып жатқан ғимараттағы өрттің себебі анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен өрт толығымен сөндірілді.

Фото: ТЖМ

— Нақтыланған ақпарат бойынша Астана қаласы Ақмешіт көшесінде салынып жатқан ғимараттың шатырында 30 шаршы метр аумақта рубероид пен полиэтиленің жануы орын алды. Өртті сөндіруге 14 техника және 35 жеке құрам қызметкері жұмылдырылды. Зардап шеккендер жоқ, — делінген ТЖМ таратқан ақпаратта.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Бұдан бұрын Астанада салынып жатқан тұрғын үйдің шатыры өртеніп жатқанын жазғанбыз.