Өрт Ақмешіт көшесі, 7/1 мекенжайында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ғимараттың шатыры жанған.
— Оқиға орнына елордалық өрт сөндіру бөлімдерінің күштері жедел жетті. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жоғары ранг бойынша жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Ведомство атап өткендей, алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.
Өртті сөндіруге 35 өрт сөндіруші және 14 арнайы техника жұмылдырылған.
Бұған дейін Шығыс Қазақстан ормандарында биыл 70-тен астам өрт шыққанын жазғанбыз.