ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың хабарлауынша, аталмыш нысан Қабанбай батыр және Керей мен Жәнібек көшелерінің қиылысында орналасқан және өрт қызметіне төтенше жағдай туралы хабар 18:21-де түскен.
«Өрт сөндіруге жалпы саны 20 адам мен 5 техника бірлігі тартылды. Анықталғанындай, екінші қабатта пандуста гидроизоляциясы өртенген. Алау 60 шаршы метрге жайылған. От ошағы өрт сөндіру бөлімшелерінің келмей тұрып өшірілген», - дейді ол.