Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешенінде биіктіктен жұмысшы құлап кетті
08:32, 29 Ақпан 2012
АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - 28 ақпан күні сағат 14.37-де Астана қаласының «Есіл» ауданында салынып жатқан «Қыз-Жібек» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында, 2 қабатты биіктіктен «Сақбұланды» ЖШС-нің 20 жастағы жұмысшысы құлап кетті.
Ол ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.