«20 сәуірде сағат 20:54-те Есіл ауданындағы салынып жатқан «Nova city» тұрғын үй кешенінің 5 қабатында құрылыс қоқыстары өртенді. Жалын 6 шаршы метр жерді шарпыды», - деп мәлім етті ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер келіп жеткенше жалын толығымен сөндірілген. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.
Құрылыс алаңына елордалық Өрт сөндіру қызметінің мамандары барды.