«Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті күдікті адамға қарсы соттың санкцияландырған қамауда ұстау бұлтартпау шарасын кепілдікке ауыстырған фактісіне сүйеніп, ҚР ҚК 362-бабының 2 бөлімі (лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) бойынша Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының прокурорына қарсы сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады»,- деп хабарланды ведомоствоның Фейсбук тегі парақшасында.
Аудан прокуроры қызметінен босатылды.
Тергеу жұмыстары жалғасуда. Бұдан басқа ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.