Семинарға Астана қаласынан және Ақмола облысынан экспортшы кәсіпорындар, өңдеу секторындағы қоғамдық ұйым өкілдері, Сауда-өнеркәсіп палатасының өкілдері, Қазақстанда тіркелген шетелдік елшілер қатысады.
16:58, 08 Қыркүйек 2010
Астанада «Сауда академиясы: шикізаттық емес секторды қолдау» атты семинар өтеді
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Ертең, қыркүйектің 9-ы күні Астанада «Сауда академиясы: шикізаттық емес секторды қолдау» атты семинар өтеді. Шараны HSBC банкі, Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы, «Kaznex Invest» экспорт пен инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттік ұйымдастырып отыр.