Астанада саунаны жезөкшелерге жалға берген әкімші ұсталды
10:15, 27 Ақпан 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана ІІД жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жезөкшелікпен айналысуға ғимаратты ұсынған сауна әкімшісін ұстады. Бұл жайында Ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметінде айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«1968 жылы туған азамат жезөкшелікпен айналысу үшін келген 1991, 1993, 1994 жылғы жас қыздарға ғимаратты жалға берген. Өз кезегінде ғимарат әкімшісі бұндай қадамға саунада клиенттер мүлдем болмағаннан кейін барғанын айтып ақталуда», - деп атап өтілген хабарламада.
ҚР ӘҚБтК 450-ші бабында ескерілген құқық бұзушылық үшін, яғни жезөкшелікпен айналысуға ғимаратты бергені үшін сот 49 жастағы ер азаматтан 100 АЕК (226 900 теңге) көлемінде айыппұл өндіріп алу үкімін шығарды.
Жыл басынан бері Астана ІІД жергілікті полиция қызметі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 450-ші бабы бойынша 7 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, ал 2016 жылы осындай 42 қылмыс белгілі болды.