Астанада Сауран көшесінің бір бөлігі бір айға жабылады

АСТАНА. KAZINFORM — Елордада маусым айында Сауран көшесінде көлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Фото: Әділет Бірімқұлов/Kazinform

Биылғы жылдың 1–30 маусымы аралығында инженерлік желілерді орнату жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Сауран көшесінің бойындағы жергілікті жолдың Алматы көшесінен Керей Жәнібек хандар көшесіне дейінгі учаскесінде қозғалыс толықтай жабылады.

Фото: Астана әкімдігі

— Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден маршруттарды алдын ала жоспарлауды және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруді сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады, — делінген хабарламада.

Бұдан бұрын Астанада кіші Талдыкөлдегі экопаркті абаттандыру жұмысы басталғанын жаздық.