Шара ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды қолдап, азаматтардың назарын қоршаған ортаны көгалдандыруға аудару мақсатында тұңғыш рет өткізіліп отыр. Бахытжан Жүнісбеков, Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастарсаясатын қолдау мемлекеттік қорының директоры: - Бүгін жастар жұмысты елордамыздың жүрегі - сол жағалаудан бастады. Аталмыш акция аясында құрылыс отрядының жастары саябақтар мен аулалардағы тазалықты сақтау және көгалдандыруға да атсалысады. Бұл бір күндік акция емес, шара жыл соңына дейін жалғасады. Жастар саябақтар аумағындағы қоқысты жинап, арамшөптерді жұлып, шөп шапты. Астанада барлығы 9 қалалық парк пен 38 шағын саябақ бар. Аталған экологиялық шара - елордамыздың жасыл аумағын тазалау жолындағы жарқын бастама.
12:42, 24 Маусым 2015
Астанада «Саябақтар маршы» басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық құрылыс отрядының 50-ге жуық өкілі бүкіл әлемде 1990 жылдан бері аталып өтетін халықаралық «Саябақтар маршы» экологиялық акциясы аясында «Арай» паркіне жиналды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.