«Тәуекелсіз туризм» тақырыбына арналған іс-шараға мемлекеттік органдардың, туристік бизнес өкілдерінің, әуе компаниялары мен қонақүй саласының мамандары, сондай-ақ халықаралық серіктестер қатысып, туризмді қауіпсіз дамыту мәселелерін талқылайды.
17 қыркүйекте форум қатысушылары үшін елорданың туристік инфрақұрылымымен танысу бағдарламасы ұйымдастырылады. Оның аясында Астана бойынша шолу экскурсиясы және қонақүй нысандарына инфотур өткізіледі.
Форумның негізгі іскерлік күні 18 қыркүйекте EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді. Бағдарламада панельдік пікірталастар мен сараптамалық сессиялар, B2B кездесулері, туристік өнімдердің таныстырылымдары, халықаралық көрме экспозициясы және келісімдерге қол қою рәсімі қарастырылған.
19 қыркүйекте форум Астананың Орталық саябағында «Туризм — әркімнің ісі» тұжырымдамасы аясындағы қалалық мерекемен жалғасады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін қалалық жүгіру жарысы, гастрономиялық фестиваль, спорттық және отбасылық іс-шаралар, сондай-ақ мәдени бағдарлама ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Қазақстан алғаш рет Германияның ірі туристік форумын қабылдады.