Бұл туралы ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнен хабарлады.
"Сол күні Астанада (сағат 15.00-де) Абай және Республика даңғылдарының қиылысындағы «1932-1933 жылдардағы ашаршылық құрбандарының рухына тағзым» Монументі жанында осы датаға орай гүл шоқтарын қою шарасы өтеді", - делiнедi хабарламада.
Шараға Қазақстан РеспубликасыПарламентінің, мәслихаттың депутаттары, мемлекеттік органдардың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, азаматтық қоғам институттарының, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысады.