Астанада саяжайларды қарғын су басты, 21 адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметі» ММ күшімен Есіл ауданының «Юбилейный» саяжай алқабында қарғын судың астында қалған үйлерден 21 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде 13 бала бар.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады. Құтқарылған адамдардың бәрі де дін аман.