Өрт сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні, сағат бір жарымда шықты. ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 8 адамы мен 2 техникасы оны бір сағаттың ішінде ауыздықтады.
Жалынның шарпыған жалпы аумағы 30 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан Беларус Республикасының 43 жастағы азаматшасы күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.