Семинар барысында байқаушының жұмыс күні, оның сайлау үдерісін байқау барысындағы іс-əрекеті егжей-тегжейлі түрде қарастырылып, ықтимал бұзушылықтарды белгілеу және Қазақстандағы сайлауды байқау жөніндегі республикалық комиссияның штабымен байланыс жасау жөніндегі нұсқау берілді.
Сонымен қатар байқаушының сайлау учаскесіндегі мінез-құлық əдебіне ерекше назар аударылды.
Аталған шараны Қазақстандағы сайлауды байқау жөніндегі республикалық комиссия мен Байқауға жəрдемдесудің астаналық орталығы ұйымдастырды.