Оқиға орнына жеткенде №5 үйдің 12-ші қабатынан 15-қабатына дейінгі аралықта үйдің сыртқы қаптамасы өртенгені анықталды.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына 4 минуттан кейін келіп жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады.
Өрт сағат 16.30-да өшірілді. Оған 6 техника мен жеке құрамның 29 адамы тартылды.
Қазір өрт сөндірушілер оқиға орнында жұмыс атқарып жатыр. Жапа шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.