Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, шараға еліміздің мемлекеттік органдарының және БҰҰ жүйесі ұйымдарының өкілдері қатысады. «Мұндағы мақсат - Семей полигонын оңалту ісіндегі барлық мүдделі тараптардың қызметтері саралау, Семей полигонының проблемалары бойынша халықаралық конференцияға дайындық мәселелерін талқылау болып табылады», деді І. Омаров.