Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Сейфуллин көшесіндегі №30 үйде су құбырының бұзылуына байланысты Сейфуллин көшесі мен Жеңіс даңғылындағы тұрғын үйлерге су беру тоқтатылған болатын.
«Апатты учаскеде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Сейфуллин көшесі мен Жеңіс даңғылының бойындағы тұрғын үйлерге 1 сағатқа су беру тоқтатылған болатын. Ал қазір барлық үйлерге су берілді. Апат орнында «Астана су арнасының» 35 адамынан құралған 3 бригадасы мен 20 техникасы диаметрі 700 мм су құбырын жөндеу жұмыстары жүргізіп жатыр. Жұмыс кешкі сағат 6-ға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында тұрғындарға ешқандай қолайсыздық туғызылмайды. Автокөлік жолдары да жабылмайды», - деді Ә. Хайруллин.