Естеріңізге сала кетейік, "ҚазТАГ" ақпараттық агенттігін басқаратын Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет аса ірі көлемде бюджет қаржысын қымқырғаны және аса ірі көлемдегі салық төлеуден жалтарғаны үшін айыпталуда.
Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан үйқамақта отыр. Әсет Матаев 28 наурызда үйқамаққа отырғызылды.
Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Матаевтың 2011-2015 жылдары Ақпараттандыру комитеті мен "Қазақтелеком" АҚ мемлекеттік саясатты ақпараттық ілгерілетге және баспа бетінде материалдарды орналастыруға бөлген 300 млн. теңгеден астам қаржыны ұрлау фактісін анықтағанын хабарлаған болатын.
Сонымен бірге Матаев 1,4 млрд. теңге таза пайда келтіре отырып, 327 млн. теңге көлеміндегі салықтарын төлемегені хабарланды.
Атап өтейік, Сейітқазы және Әсет Матаевтарға қатысты үй қамақта болу мерзімін сот тиісінше 22 қыркүйекке және 28 қыркүйекке дейін ұзартты.