Бас жүлде иегеріне 250 мың, алтын медаль алған конкурсантқа 200 мың, күміс жүлде 150 және қола жүлде иегерлеріне 100 мың теңгеден табысталады. Байқау аясында қазылар алқасы қатысушылар өнерін «Домбырамен ән салу», «Домбыра», «Цирк өнері», «Академиялық ән салу», «Үздік скрипкашы» сынды аталымдар бойынша бағалайды, деп хабарлайды 24.kz. Сондай-ақ биыл фестиваль бағдарламасына «Спорттық бал биі» жаңа аталымы енгізілді. - Күйші ретінде күй қорымды көбейте аламын. Жалпы байқау ережесінде 15 күй бар. Яғни репертуарыма 15 күй қосылады, - дейді фестиваль қатысушысы Ержан Төтеев.